Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Елордада африкалық әйелдер «массаж» желеуімен интимдік қызмет көрсеткен

Астана полициясы рейд жүргізіп, оның барысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Елордада африкалық әйелдер «массаж» желеуімен интимдік қызмет көрсеткен
фото: polisia.kz

Ведомствоның хабарлауынша, бір жұмыс күні ішінде қалада көші-қон заңнамасын бұзған 119 шетел азаматы анықталған. Оның 33-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату бөліміне орналастырылды.

Сонымен қатар интимдік қызмет көрсетудің 5 фактісі анықталды. Мысалы, Африкадан келген 2 әйел пәтерді жалға алып, массаж қызметін ұйымдастырған. Осы факті негізінде оларды елден шығарып, қайта кіруіне 5 жыл шектеу қою мәселесі шешіліп жатыр.

Қоқыс өңдейтін зауыт аумағында полицейлер жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматын анықтады.

ІІМ көші-қон қызметі комитетінің ресми сайтында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болу мерзімін бұзуы және Қазақстаннан белгіленген мерзімде кетпеуіне әкеп соғатыны айтылған:

  • 3 күн ішінде – ескерту;
  • 3 күннен 5 күн өткенге дейін – 10 АЕК (37 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл;
  • 5 күннен 10 күн өткенге дейін – 15 АЕК (55 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару түрінде көрініс табуы 25 АЕК (92 мың теңге) айыппұл салуға не елден шығарып жіберуге әкеп соғады.