Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкентте тағы да үшем дүниеге келді

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханаға қарасты перзентханада үшем дүниеге келді.

Шымкентте тағы да үшем дүниеге келді
Фото: otyrar.kz

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, дәрігерлер уақытынан бұрын дүние есігін ашқан сәбилерді күтіп, баптап, бүгін шаңырақтарына шығарып салды. Нәрестелердің анасы Наргиза Әшірметованы дәрігерлер 2 ақпанда кесір тілігі арқылы босандырып алған.

Наргиза Әшірметова 31 жасында төртінші рет құрсақ көтерді. Үшемге аяғы ауыр екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген. 33 аптада, яғни айы-күні толмай, өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Перзентхана дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған сәбидердің әрқайсысы осы уақыт ішінде 2 келіден аса салмақ қосқан.

Үшемді ата-анасы Атамбай, Мұса, Муслим деп атады.

Бүгін дәрігерлер үшем мен анасына сыйлықтар табыс етіп, үйіне шығарып салды.