Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда подполковник педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталды

Алматыда жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болған шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды. Ұсталған подполковник жайлы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Paryz.kz Azattyq сілтеме жасап. 

Алматыда подполковник педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталды
Фото: Әсет Құндақбаев

Хабарламада Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған. 

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объективті мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Еске салайық, жуырда ғана Мәжілісте қабылданған заңға сәйкес педофильдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.