Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қайрат Боранбаев бюджетке тағы 120 млрд теңге аударды — агенттік

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов істі болған Қайрат Боранбаевтан активтерді қайтаруға қатысты түсінік берді.

Қайрат Боранбаев бюджетке тағы 120 млрд теңге аударды — агенттік
фото: әлеуметтік желіден

«Ол бұған дейін сот үкімі бойынша сотталып, шығын өтелген. Бұдан бөлек, ол бюджетке қосымша 120 млрд теңгені өткізді. Қазіргі кезде ол тағы да бюджетке қаражат аударуды қарастырып отыр. Өйткені басқа да қылмыстық істер бар. Яғни, жеке тұлғаның салық төлеуден жалтару, қаражат жымқыру әрекеттері тексерілді. Осы істер аясында қазір активтерді қайтару жұмысы атқарылып жатыр», — деді Ж. Елемесов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.