Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

БҚО-да соңғы бес жыл ішінде 116 бала зорланған

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, облыс әкімінің орынбасары, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің аймақтық өкілі, мектеп, колледж директорлары қатысты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

БҚО-да соңғы бес жыл ішінде 116 бала зорланған
freepik.com

«Мой город» порталының жазуынша, облыс прокуроры Серік Шалабаев балалар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан шаралардың тиімсіз екенін атап өтті. Балалар қылмысының саны өскен, атап айтқанда, жасөспірімдер қылмысы 2023 жылы 32%-ға көтерілген.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар қылмысты жасыру мәселесіне тоқталды. Бұл оқу орындарының рейтингін төмендетпес үшін жасалып отырған әрекеттер екені айтылды. Мұндай фактілер бұдан да жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Облыс прокуроры балалардың құқығын қорғау қажеттігін де атап өтті. Оларды қорғау және соған сәйкес маңызды тәрбие жұмысы маңызды.

«Тек соңғы бес жылда 116 бала зорланып, 35 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсаған. 2023 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны 16%-ға өскен», - делінген хабарламада.