Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа-райы қандай болады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа-райы қандай болады
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, еліміздің шығысында суықтың біртіндеп әлсіреуі күтіліп отыр.

«Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы күндер көктемгі күн шуақты болады деп күтілуде, тіпті елдің шығысында түнгі сағаттарда минус 36-дан минус 20 градусқа дейін суықтың біртіндеп әлсіреуі болжанады», - делінген хабарламада.

Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюімен бұлтты ауа-райы болады деп күтілуде.