Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Нүкеновалар ақпараттық соғыста жеңіліп жатыр» - Ринат Зайытов

Ақын, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов өз әйелін қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен қамауға алынған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Sn сайтына сілтеме жасап.

«Нүкеновалар ақпараттық соғыста жеңіліп жатыр» - Ринат Зайытов
фото: el.kz

Зайытовтың айтуынша, бүгінде үлкен ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Ал Бишімбаевтар әулетінің мұндай соғысқа келгенде бес қаруы түгел.

Бишімбаев кезіндегі жүйеде жұмыс істеп, қоғамды қалай алдау керектігін өте жақсы меңгерген адам. Қазір Нүкеновалардың тарапына ақпараттық шабуыл жасалып, адамның аузы бармайтын қылмысқа барды деген әңгімелер шығып жатыр. Мұның барлығы сол әулеттің қоғам арасындағы пікірді бұрмалауды жақсы меңгергенін көрсетіп тұр. Кісі өлімі бар, дәлелі бар қылмыстық істерде қандай да бір ақталудың болы артық. Ақпараттық соғыстан жәбірленуші тарап ұтылып жатыр.

Бұдан бөлек ақын алқабилер сотына қатысты өз ойын айтты.

Қазақстанда әділетті сотты қашан көрдіңіз? Біздің сот жүйесі жеке мемлекет сияқты жұмыс істейді. Өз білгендерін істеп отыр. Халықтың қатысуымен ашық сот болатындай Бишімбаев оппозициялық тұлға ма, халықтың сөзін сөйлеген адам ба, әлде жазықсыздан жәбір көрді ма?

Ал, желі қолданушылары болса Ринат Зайытовтың батылдығына таңданып, сөзінің дұрыстығын жарыса жазды.

Естеріңізге сала кетейік, желіде Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген ақпарат тараған еді. Ал Қуандық Бишімбаевтың экс-зайыбы Назым Қаһарман зорлау фактісін жоққа шығарды