Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Жүргізуші куәлігін алу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ

Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жүргізуші куәлігін алу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ
Фото: Әсет Құндақбаев

Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа алдын ала келудің де, хабарласудың да қажеті жоқ. ХҚКО-ның қосымшасы арқылы кезекке тұруға 8 мыңнан астам өтініш түскен. 

AMP Олар мемлекеттік мекемеге келмей, тек  қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн кезекке тұра алады. 

«Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан кейін «ХҚКО» қосымшасы арқылы тәжірибелік емтиханға кезекке жазыла алады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR- менеджері Мөлдір Айдосқызы.

Бейне қоңырау арқылы кезекке тапсырыс беріп қана қоймай, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін де бере алады. Оның ішінде медициналық анықтама, қызмет алушының фотосуреті, қойылған қолының үлгісі, автомектепті аяқтаған болса, оқығаны туралы анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек бар. Барлық құжаттар диалогтық терезеде тіркелуі керек.