Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Көйлегімнің құны 800-900 мың теңге»: Министр бренд заттары туралы

Министрлер кабинетінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға әлеуметтік желідегі парақшасында байқалған бренд заттары туралы сұрақ қойылды. Министр олардың құны туралы айтты, деп хабарлады Paryz.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Көйлегімнің құны 800-900 мың теңге»: Министр бренд заттары туралы
Фото: vlast.kz

«Мен бұған құмармын деп айтпай-ақ қояйын (бренд заттарға – ред.еск.). Жалпы, менде үлкен гардероб жоқ. Фотодағы сөмке көп қыздың алып жүрген сөмкесі. Бағасы - 250 мың теңге. Ал қымбат санаулы көйлектерімнің бірін мерейтойымда сатып алуға өзіме рұқсат еттім. Қателеспесем, құны 800-900 мың теңге аралығында», - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрінің жаңа лауазымындағы жалақысына қатысты сенат депутаты лауазымы кезіндегі мөлшерден «сәл ғана жоғары» екенін айтты. Әлназарованың Instagram-дағы парақшасында Michael Kors Carmen LG flap belted сөмкесін ұстаған фотосы бар.

Nur.kz брендтің ресми сайтында бұл сөмке 199 долларға жеңілдікпен тұрғанын, бұл шамамен 134 мың теңге екенін анықтады.