Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«1 млрд теңге»: Жетісу облысының әкімдігі тендер жариялауда заңсыздыққа барған

Жетісу облысының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгегеден асатын мемлекеттік тапсырысты тоқтатты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«1 млрд теңге»: Жетісу облысының әкімдігі тендер жариялауда заңсыздыққа барған
Фото: pro-volhov

Құзырлы орган қызметкерлері мемлекеттік сатып алу конкурстары кезінде заң бұзушылықтарды анықтаған. Құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күші  жойылды.

«Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан. Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған», - деп хабарлады Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура заң бұзушылықтарды дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.