Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Бишімбаев ісі: сотта күдіктілерге қандай бап бойынша айып тағылғаны айтылды

2024 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бишімбаев ісі: сотта күдіктілерге қандай бап бойынша айып тағылғаны айтылды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Күдікті Қ.Бишімбаевқа тағылған айып:

  • ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің;
  • 1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:

  • ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

ҚПК-нің 319-бабына сәйкес, судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені бес тәуліктен кешіктірмей шешеді.

Еске салсақ, 9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді.