Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Мобильді аударымдар тексеріліп жатқандықтан жұрт қолма-қол ақша алуды үдеткен

Ұлттық банк төрағасы мобильді аударымдарды тексерудің төлем жүйесіне әсері қалай болатынын түсіндірді.

Мобильді аударымдар тексеріліп жатқандықтан жұрт қолма-қол ақша алуды үдеткен
Фото: paryz.kz

Астанада өткен брифингте журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен аударымдар мониторингі жарияланғаннан кейін банктердегі аударымдар саны қанша пайызға азайғанын сұрады.

Қаңтарда бұл төлемдер шамамен 30 пайызға төмендеді. Адамдар қолма-қол ақша алуға кірісті. МКК тарапынан түсініктемелер мен кеңестер ұсынылғаннан кейін, менің ойымша, бұл жағдай тынышталды және болашақта да тынышталады. Өйткені ондай қорқынышты ештеңе жоқ.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз», - деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ ол мобильді аударымдарды тексеру Ұлттық банктің қызметіне кірмейтінін еске салды.