Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын түпкілікті 12 жылға соттауды сұрады

Астана сотында мемлекеттік айыптаушы бұрынғы спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қылмыстық істің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап б

Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын түпкілікті 12 жылға соттауды сұрады
Фото: Halyq Uni

Прокурор Олжас Хайруллаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру), 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша кінәлі деп танып, 8 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша мүлкін тәркілемей, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 249-бабы 1-бөлігі (рейдерлiк әрекетке дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша мүлкін тәркілемей, 2 жылға коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-шаруашылық қызметпен айналысу құқығынан айырып, 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі – 250-бабы 1-бөлігі (өкiлеттiктердi терiс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастыру) бойынша 4 жылға соттауды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 58-бабы 6-бөлігі негізінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылдың 13 ақпандағы үкіміндегі жазаны ішінара қосу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлын мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 12 жылға бас бостандығынан айырылсын, - деді прокурор.