Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Полицейге пара берген жүргізушіге айыппұл салынды

Кеше Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты полицейлерге пара бермек болған азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Полицейге пара берген жүргізушіге айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Сотта анықталғандай, полиция қызметкерлері жүргізушіні көлiк құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Бұдан әрі жүргізуші әкімшілік жауапкершіліктен құтылу мақсатында осы әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туралы полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, өзі 6 мың теңге көлемінде пара беруге тырысқан және ол ақшаны орындықтардың арасына салған.

Сотта сотталушы кінәнісін толық мойындап, қорғаушы тарап ең төменгі айыппұлды тағайындауды сұрады. Сондай-ақ сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен жүргізушіге ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 367-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 67 мың 500 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.