Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Енді әйелін ұрғандар 8 жылға сотталады

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің жалпы отырысында әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын және жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы жайлы баяндады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Енді әйелін ұрғандар 8 жылға сотталады
Фото: freepik.com

«Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар қарастырылған. Егер 2017 жылдан бастап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде болған 73-1 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін, 73-2 бабы ұрып-соққаны үшін баптар Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінен алынып, сәйкесінше, Қылмыстық Кодекске 108-1 бабы: Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, 109-1 бабы: Ұру жаңа баптары криминализацияланып, енгізіліп отыр», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Депутат атағандай, дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау – 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

Депутат ондай әрекеттер жайлы айтты:

  • екі немесе одан да көп адамға жасалса;
  • осы адамның қызметтік немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышты орындауына байланысты адамға немесе оның жақындарына;
  • кінәліге көрінеу, дәрменсіз күйдегі не кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға;
  • адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы;
  • бұзақылық ниетпен;
  • әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық негізінде;
  • бірнеше рет;
  • көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты – 1 жүзден 2 жүз АЕК ¬ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 жүзден 2 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30-дан 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

«Заң жобаларының бірнеше маңызды аспектілеріне тоқталар болсақ, осы жерде бір мәселеге баршаңыздың назарларыңызды аударғым келеді, бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірілген және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар болмауы үшін, азаматтардың жауапкершілігін күшейту. Жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды. Сонымен қатар, жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды», - деді Сүлейменова.