Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірде тасжол жабылды

Министрлік қазақстандықтарды ауа райындағы өзгерісті бақылауға және дауыл туралы хабарламаларды ескеруге, сондай-ақ сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірде тасжол жабылды
фото: ашық дереккөз

Бүгін боранға байланысты, Қазақстанның 8 өңіріндегі автожол жабылды, деп хабарлады paryz.kz, ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК мен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, боран, көрудің нашарлауы) 8 өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолда барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды: Нұр-Сұлтанда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Министрлік қазақстандықтарды ауа райындағы өзгерісті бақылауға және дауыл туралы хабарламаларды ескеруге, сондай-ақ сақтық шараларын сақтауға шақырды.