Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Астанада екі әйел мас болып, дүкеннің заттарын қиратқан

Астанада «Тоқта, вандал» акциясы болып жатыр. Осы іс-шара кезінде мас болып, бірнеше дүкеннің заттарын қиратқан адамдар ұсталды. Соның екеуі – әйел болса, біреуі – ер адам.

Астанада екі әйел мас болып, дүкеннің заттарын қиратқан
Фото: Halyq Uni

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 11 қаңтарда сағат 02:50-де «Кинг Отель» қонақ үйінде бір ер азамат ішімдік ішіп, бөлменің есігін тепкілеп, мүлкіне зақым келтірген. Материалдық шығын 80 мың теңге болған. Ол бес күнге қамауға алынды.

20 қаңтарда сағат 02:30-да Керей және Жәнібек хандар, 12/1 мекенжайындағы минимаркетте 28 жастағы әйел адам мас болып, жанжал шығарған. Ол сатушымен сөзге келіп, оын балағаттап, дүкеннің жабдықтары мен тауарларын сындырған. Осы ісі үшін әйелге 20 АЕК (69 мың теңге) айыппұл салынды.

Дәл осындай оқиға 4 ақпанда сағат 12:30 шамасында Потанин көшесінде орналасқан № 3 үйде болған. 1999 жылы туған келіншек мас болып, «Шербет» дәмханасының жарнамалық белгісін зақымдап, 100 мың теңгеге шығын келтірген. Әйел адам бес күнге қамауға алынды.

«Тоқта, вандал» акциясы кезінде қала тұрғындары мен қонақтардың заң бұзушылықтарына қатысты істер полиция департаментіне жолданып жатыр.

Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі.  Сол сияқты халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.