Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ұрып-соғып, байлап кеткен: Алматы облысындағы 4 баланың жағдайы қалай

Алматы облысының дәрігерлері, белгісіз ер адамнан таяқ жеген балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлады Paryz.kz kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Ұрып-соғып, байлап кеткен: Алматы облысындағы 4 баланың жағдайы қалай
Фото: pixabay.com

Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 15 ақпан күні кешкі сағат 19:40 шамасында Жамбыл ауданы орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінен жедел жәрдем 4 баланы жеткізді.

«12-13 жас аралығындағы екі баланың жұмсақ тіндері көгерген. Барлық медициналық тексерулерден кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үшінші 10 жастағы баланы хирург-травматолог дәрігерлер қарап шықты. Оның денесінен жарақат анықталмады. Баланы қосымша қарау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп атап өтті ведомстводан.

8 жастағы бала ауруханаға жатқызылды.

«Бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Кішкентай науқасқа мидың компьютерлік томографиясы және іш қуысына ультрадыбыстық зерттеу жасалды. Балада көптеген жұмсақ тіндердің көгеруі, тері астындағы гематомалар, еріннің және мойын аймағы сырылған», - деп толықтырды Денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұған дейін әлеуметтік желіде балалардың соққыға жығылғаны туралы видео тарады. Онда аяқ-қолы байланып, бет-аузы көгерген кішкентай ұл мен қыз баланың қатты шошынып, сөйлей алмай жатқан және оларға көршілерінің көмек көрсетіп жатқан сәті түскен.