Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қызылордада 6 жасар қызды зорлады деген күдікпен оқушы тергеліп жатыр

Қызылорда қалалық полиция басқармасы 16 жастағы жасөспірімнің 6 жастағы баланы зорлау дерегін растап, оқушының қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылордада 6 жасар қызды зорлады деген күдікпен оқушы тергеліп жатыр
Фото: pixabay.com

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановтың хабарлауынша, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған. 

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың істің тергеу барысы Департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді. А. Қасанов.

БАҚ мәліметінше, қазіргі кезде жәбір көрген бала ауруханада ем алып жатыр.