16 ақпан сағат 03:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты 16 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Paryz.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Жолдарды жабуға дауыл, қар, жел, боран, көрінудің шектелуі, өздігінен қар көшкіні қаупі, көктайғақ, ауа температурасының төмендеуі себеп болып отыр.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 149 бірлік техника мен 195 адам жұмылдырылған.