Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Зейнетақы қорының 24,9 млрд теңгесіне «Эйр Астана» АҚ-ның акциялары сатып алынды

БЖЗҚ зейнетақы активтерін IPO аясында «Эйр Астана» АҚ акцияларына инвестициялау жайлы Ұлттық банк мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Зейнетақы қорының 24,9 млрд теңгесіне «Эйр Астана» АҚ-ның акциялары сатып алынды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен «Эйр Астана» АҚ-ның жай акцияларын бастапқы орналастыруға (IPO) қатысатынын хабарлайды. Оның аясында 2024 жылғы 14 ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге «Эйр Астана» АҚ-ның жай акциялары сатып алынды. «Эйр Астана» АҚ-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны 23 168 975 дананы немесе шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-ын құрады», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін «Эйр Астана» АҚ-ның жай акцияларына инвестициялау туралы шешім тұрақты қаржылық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақта тұрақты дивидендтер төлеуге мүмкіндік беретін компания қызметінің жоғары рентабельділігіне негізделді. Осы инвестициялар іс жүзінде БЖЗҚ салымшыларына Орталық Азияның авиациялық нарығындағы көшбасшылардың біріне акционер болуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы мәліметтер ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланады.