Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Тізімдегі қыздар моральдық зардапты ақшалай өндіре алады – заңгер

Заңгер студенттер арасында тараған тізімде бар қыздар моральдық шығын талап ете алатынын айтады, деп хабарлайды paryz.kz Baq.kz  сайтына сілтеме жасап.

Тізімдегі қыздар моральдық зардапты ақшалай өндіре алады – заңгер
фото: әлеуметтік желіден

Аталмыш жағдайға байланысты заңгер Бағдат Амандосұлы былай дейді.

Егер университет сонда оқитын студенттердің пәктігі және дербес деректер туралы таралған факті бойынша қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылса, онда сол құжаттағы тізім бойынша зардап шеккендер өздерінің моральдық зардаптарын ақшалай түрде өндіру талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар,-деп атап өтті ол.

Ескеру керек, бұл тек университет кінәлі деп табылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда ғана мүмкін. 
Сондай-ақ заңгер ақпараттарды таратуда әдіскердің де кінәсі бар екендігін айтады.

Адамдарға тарату фактісі нақты анықталып тұр. Әрине, әдіскердің қызметтік салғырттығының кесірі бар. Себебі ол жіберілген құжатты қарап, топқа тек студенттердің аты-жөнін ғана жазып жіберу керек еді. Тергеу барысында бәрі белгілі болады,-дейді заңгер.

Сонымен қоса, заңгер егер университет қызметкерді осы факті бойынша жұмыстан шығарса, өз кінәләрін жанама түрде мойындағанмен тең болатынын айтады.