Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды»: Мәжілісте депутат сарапшыға ескерту жасады

Мәжілістегі комитет отырысына зум арқылы қосылған сарапшы өз пікірін айтып, наразылығын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды»: Мәжілісте депутат сарапшыға ескерту жасады
Фото: видеодан скриншот

«Маған бөлек сөз береміз деп еді. Талғар ауданына қатысты сөйлеп тұрмын. Мыңдаған адамның өлу қаупі тұр. Маған жеке сөз бермеді, мен тек министрді қолдап пікір білдірдім», - деді наразылық білдіруші спикер.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин спикерді асықпауға шақырып, сөз берілетінін айтты.

«Біз қазір сұрақ-жауап беріп жатырмыз. Содан кейін барып сөйлеңіз. Экология үшін жаны ашып жүрген жалғыз сіз емес қой. Барлығымыздың жанымыз ашиды. Сіз жиналысты бөлмеңіз. Бұл жерде басқарып отырған адам бар. Біз жиналысты жапқан жоқпыз ғой. Жиналыстың шырқын бұзбаңыз. Микрофонды өшіріңіздер. Қазір мүлдем ажыратып тастаймыз. Бұл жерде басқарып отырған адам бар. Тәртіп сақтаңыз. Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды. Бұл – мемлекеттік орган. Парламент – базар емес», - деді Жаңбыршин.