Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматыда студент қыздардың жеке деректерінің таралуы: сотқа дейінгі тексеру басталды

Алматыда студенттердің медициналық құпияны құрайтын жеке деректері мен мәліметтерін тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Алматыда студент қыздардың жеке деректерінің таралуы: сотқа дейінгі тексеру басталды
Фото: freepik.com

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.  

«14 ақпанда Бостандық ауданының полиция басқармасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді», - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.