Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

Педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады
Фото: pixabay.com

Бүгін Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын.

Құжаттарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуін, сондай-ақ ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылады.

Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.