Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі шықты

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі шықты
Фото: Аделаида Әуесбекова

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы министр мен оның сыбайластарына қатысты үкім шығарды.

«Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген сот үкімінде.

Одан бөлек, оның жұбайы Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі), өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот үкімімен А.Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.