Үкімет отырысында 4 жаңа министр ант берді, деп хабарлайды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкіметте жаңа 4 министрдің тағайындалғанын айтты.
«ҚР Үкіметі туралы» конституциялық заңға сәйкес ҮКімет құрамына алғаш кірген адамдар ант қабылдайды», - деді Бектенов.
Антты алғаш болып Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қабылдады.
Сондай-ақ, ант беруді Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жалғастырды.
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», - деп ант берді министрлер.