Жамбыл облысында жоғалған балықшылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің мәйіті табылып, жағаға шығарылған. Екінші адамды іздестіру жалғасып жатыр.
Билікөл көлінде Жамбыл облысының ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастады.
Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеген еді. Кейін 21 қаңтарда ауа райына байланысты іздестіру тоқтатылған болатын.