Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Енді дәрігерлерге қол көтергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Қазақстанда дәрігерлерге қол көтергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлады Paryz.kz. 

Енді дәрігерлерге қол көтергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Фото: unsplash.com

Денсаулық сақтау министрлігі Қылмыстық кодекске осындай норма енгізуді ұсынып отыр.

Ведомство қызметтегі адамдарға қарсы жасалған мұндай іс-әрекет адамгершілікке жат және заңсыз деп санайды. Сондықтан министрлік заң шығару саласындағы құралдарды пайдаланып, медициналық персоналдың құқығын қорғауға ниетті. ДСМ қызмет барысында медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекске жеке норманы енгізуге қайта бастамашылық жасайды, - деп жазылған хабарламада.  

Ұсынылған нормалар Қылмыстық кодексте олардың кәсіби міндетін құрметтеудің маңызын көрсетіп, медициналық персоналдың құқығын едәуір қорғауды көздейді.

Жаңа заңнамалық түзетулер құқық қорғау және мүдделі органдардың қатысуымен өтетін ведомствоаралық жұмыс тобында ұсынылып, талқынады.