Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Бәрін найзағайға жаба салды». Зайытов 15 адамның өмірін жалмаған орман өрті туралы айтты

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Семейдегі орман өртіне қатысты кінәлілердің жазасын алмағанын айтып, наразылығын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Бәрін найзағайға жаба салды». Зайытов 15 адамның өмірін жалмаған орман өрті туралы айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz

Оны тексеруге тиісті Экология министрлігі ғана емес, Прокуратура да ештеңені мойындамайды. Семей орманына кінәлілерді іздегенде бәрін найзағайға жаба салды. Бір адам жауапқа тартылған жоқ. Одан кейін не оңалады? Ол жалғыз Экология министрлігіне байланысты қатысты емес, бізде кез келген министрлікте бұрынғы жүйемен өтірік статистика беруге машықтанып алған. Жаңа үкімет қалай жұмыс істейтінін білмеймін. Бірақ бұрынғы Үкімет солай істеді. Беттеріне айтсаң бүлк етпейді. Осы өтірік жүйе тоқтамай, әрбір министрлік өзін-өзін мақтатып, халыққа өтірік айтуын тоқтатпайынша бізде ештеңе оңалмайды, - дейді Ринат Зайытов журналистерге берген жауабында. 

Сондай-ақ депутат жаңа Үкіметтен үміт үзуге болмайтынын атап өтті.