Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Орташа жалақы 400 мың теңге болды - Ұлттық статистика бюросы

Елімізде атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылы IV тоқсанда 393 605 теңгеге жетті. Бұл жерде шағын кәсіпорындар есепке алынбаған.

Орташа жалақы 400 мың теңге болды - Ұлттық статистика бюросы
фото: Halyq Uni

Жалақының медианалық мәні 2023 жылы қазан, қараша және желтоқсан айларындағы бағалау бойынша 259 463 теңгеге тең.

Кейінгі 3 айда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылардың берілуімен байланысты.

2022 жылдың 4-тоқсанына қарағанда, өсім – 16,2%, нақты мәнде – 5,3%. Бір жылда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметінде (өсім 29,7%), ақпарат және байланыста (23,2%), өнер, ойын-сауық және демалыс саласында (20,8%) болған. Білім беру саласында жалақы бір жылда 18,6% өссе, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өсім – 18,2%-ға тең.

Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақысы, үстемеақылары, сыйақылары, салықтары және зейнетақы аударымдарының барлық түрін ескере отырып көрсетілген. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі, – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Қазақстандағы ең жоғары орташа жалақы – Атырау облысында (591 588 теңге). Одан кейін Маңғыстау облысы (559 мың теңге), Ұлытау облысы (554 мың теңге), Астана (549 мың теңге) және Алматы (474 мың теңге) қалалары тұр.