Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

500-ге жуық адамды баспана кезегінен шығарып жіберді

Қарағанды облысының прокуратурасы 454 адамды баспанаға мұқтаждар кезегінен алып тастады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

500-ге жуық адамды баспана кезегінен шығарып жіберді
Фото: Baq.kz

Облыс прокуратурасы тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі азаматтардың негізгі әлеуметтік сұранысы болып табылады.

Мемлекет баспанамен халықтың тек белгілі бір санаттарын (жетім балалар, мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар мен ҰОС ардагерлері және т.б.) қамтамасыз етеді.

Тексеру барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екені анықталды (ден қою актілері бойынша кезектен шығарылды). 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген. Қадағалау актісі бойынша иесі жоқ 78 тұрғын үйді коммуналдық меншікке қабылдау шаралары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Азаматтардың жалға берілген тұрғын үйлерге төлемдер бойынша қарыздары 20 миллион теңге, ден қою актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар сотқа талап-арыздар берді.

Шахтинск қаласында пәтерді тұрғын үйді жалға беру шартын заңды деп тану туралы жалған сот шешімінің негізінде жекешелендіру түріндегі алаяқтық фактісі анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтоғай ауданында мұқтаж азаматтарға жағдайы өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, атап айтқанда қабырғаларында жарықтар мен ылғалдылық бар, электр қондырғылары зақымдалған, сымдары ашық және т.б. ақаулары бар 4 тұрғын үй сатып алынған.

Сол ауданда электр қуатына қосылмаған 2 тұрғын үй сатып алынған.

Тексеру жалғасуда және тұрақты бақылауда.