Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Үлгілі мұғалім болған»: Түркістанда екі баласын өлтірген келіншекке қатысты тың дерек шықты

Түркістан қаласында болған екі баланың өліміне күдікті деп танылған азаматша ешқандай диспансерлік есепте тұрмаған. Ұжым, ата-ана және оқушылармен қарым-қатынасы бірқалыпты болған, деп хабарлады Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үлгілі мұғалім болған»: Түркістанда екі баласын өлтірген келіншекке қатысты тың дерек шықты
Фото: ПД

Оқиға 7 қаңтарда Түркістан қаласында болған. Жалдамалы пәтерлердің бірінен екі сәбидің денесі табылды.

Оған Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұратын азаматша, балалардың анасы күдікті деп танылды. Ол Шымкен қаласындағы қонақ үйдің бірінен ұсталды.

Кейбір дерек көздерінде азаматшаның мұғалім болып қызмет атқарғаны айтылды.

Бұл деректі Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов растады.

«Түркістан қаласында болған балалар өліміне қатысты күдікті деп танылған азаматша Оқиға болған 7 ақпан күні мектеп әкімшілігіне ескертпестен жұмысқа бармаған. Мектеп әкімшілігі ол азаматшаның ұжым, ата-аналар және оқушылармен тіл табысуы, жайлы мінезімен ерекшеленгенін айтады. Сондай-ақ педагогикалық қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірқатар жетістікке жеткен. Тиісті алғыс хаттармен марапатталған. Әріптестерінің айтуынша, мінезінде ешқандай ауытқу болмаған. Қандай да бір диспансерлік есепте тұрмайды. Өзі толыққанды отбасы, ата-енесі, жұбайымен бірге тұрған. Қазір ішкі істер органдарында бұл бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қорытындысы тергеу амалдарынан кейін белгілі болады», — деді басқарма басшысы.