Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Қызылорда облысында оқушыларға мерзімі өтіп кеткен тамақ берілген

Прокурорлар Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы 3 мектептің асханасынан заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Paryz.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысында оқушыларға мерзімі өтіп кеткен тамақ берілген
фото: ser-per.kz

Мектептердің бірінде балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағам таратылған. Прокурорлық тексеру барысында басқа оқу орындарында да кемшіліктер анықталды. Мәселен, Сырдария ауданында аспаздар сертификатсыз жұмыс істеген. Облыс орталығындағы 5 мектеп медбикелерінің де қажетті құжаттары болмаған.

Былтыр медициналық пункттердің жеткіліксіздігінен 1,5 мыңға жуық мектеп оқушысы міндетті медициналық тексеруден өтпеген. Сондай-ақ мектеп басшылары 50 қызметкерді конкурссыз жұмысқа алған, олардың көбінің жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болды.

Бұл фактілер бойынша тиісті актілер шығарылып, жалған дипломға қатысты жағдай бойынша тексеріс жүргізілді. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте білім беру нысандарын жалпы тексерудің қорытындысы қаралды. Білім саласындағы мұндай заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жол картасы қабылданады, - деді облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев.