Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Мәселені шешпейді» - Тоқаев қосылған құн салығын көтеру туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтеру туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Мәселені шешпейді» - Тоқаев қосылған құн салығын көтеру туралы
Фото: Ақорда

"Енді бюджеттің кіріс бөлігіне келейік. Қазір жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Бұл құжат инвесторларға қолайлы жағдай жасау мен бюджетке қажетті көлемде қаржы түсірудің арасында көкейге қонымды теңгерім болуын қамтамасыз етуі керек. Алайда, бизнес қауымдастығында бұл құжат, ең алдымен, салық мөлшерлемесін өсіруді көздейді деген пікір қалыптасып отыр", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет.

"Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін", - деді Тоқаев.