Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Семейде өртеніп жатқан сауда үйін 300 полицей күзетіп жүр

Семейде түнде шыққан өрт әлі ауыздықталмады. Полиция мен өрт сөндірушілер оқиға орнында қызмет етіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Семейде өртеніп жатқан сауда үйін 300 полицей күзетіп жүр
Фото: видеодан скриншот

6 ақпанда "Ақшын" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Дабыл бойынша полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері түнгі сағат 3-тен бастап жанып жатқан ғимаратқа кіруге тырысқан азаматтар мен көліктерді эвакуациялады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетіп жатыр. Ғимарат қоршауға алынды, іргелес көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Тәртіп сақшылары құтқарушыларға көмектесіп жатыр. Периметр бойынша полиция нарядтары күшейтілді. Алайда оқиға орнында өрт сөндірушілерге жалынды тоқтату жұмыстарын атқаруға кедергі келтіріп жатқан адамдар аз емес.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды