Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жетісу облысында 34 млн теңге жымқырған есепші анықталды

Жетісу облысында аудандық білім бөлімі есепшісінің 34 млн теңге жымқырғаны анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Жетісу облысында 34 млн теңге жымқырған есепші анықталды
Фото: paryz.kz

Кербұлақ ауданы білім бөлімінің есепшісі 34 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол мұғалімдердің жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып, заңсыз жолмен ақша аударған және жұмыс істемейтін адамдарға да ақша бөлген.

Сондай-ақ Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 млн теңгеден аса ақша төлеген.

Бұл фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Ірі көлемдегі жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Айыпталушылардың кінәсі сотта дәлелденсе, олар белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.