Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Мектеп директорлары жұмысқа мұғалімдерді конкурссыз қабылдай берген

Қызылорда облысының прокуратурасы қала, аудан мектептерінде мұғалімдердің жалған дипломмен жұмыс істегенін мәлімдеді.

Мектеп директорлары жұмысқа мұғалімдерді конкурссыз қабылдай берген
фото: Halyq Uni

Ведомство мәліметінше, өңірде жүргізілген тексеру барысында мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағаны, мұғалімдердің конкурссыз жұмысқа қабылданғаны және асхананың ыстық тамақпен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегені анықталды.

Прокуратура өкілі Нұрболат Дүйсенбаев қала, аудан мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істегенін және бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталғанын жеткізді.

Одан бөлек, мектеп директорлары қызметкерді лаборант, ассистент етіп алып, босаған орындарға конкурс жарияламай, 50-ден астам мұғалімді қабылдаған. Жалағаш ауданында және облыс орталығындағы мектептердің ғимараттарына бөтен адамдардың кіріп-шығу жағдайына тәжірибе жасалып, нәтижесінде ғимаратқа еш кедергісіз қару-жарақ және басқа да тыйым салынған құралдармен еркін кіріп-шығуға болатынын көрсетті, – деді облыс прокурорының орынбасары.