Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат ұсталды

Қарағандыда «жедел жәрдем» жүргізушісін ұрып-соққан күдікті ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат ұсталды
Фото: видеодан скриншот

1 ақпанда Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 27.01.2024 жылы сағат 00.20 шамасында орын алған «Жедел жәрдем» жүргізушісін соққыға жығу оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды, - делінген хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, тергеу барысында оған іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бас прокуратура ақпараты бойынша оған қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.