Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Қазақтың қазынасына қол салады, бірақ гол салмайды»: депутат футболға бөлінетін қаржыны қысқарту жайлы

Мәжілісте депутат Қазыбек Иса футболға бөлінетін қаражатты қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қазақтың қазынасына қол салады, бірақ гол салмайды»: депутат футболға бөлінетін қаржыны қысқарту жайлы
Фото: kazfootball.kz

«Спорттың 180 түрі деп айтылған. Барлық дүние салыстырмалы түрде болады. 83 млн халқы бар Германияда 18 спорт түрі бар. Бізде олардан 10 есе көп. 70 млн халқы бар Ұлыбританияда 19 спорт түрі бар. Еуропа спортты білмейді. Орталық Азияны алатын болсақ, Өзбекстанда да 17 спорт түрі бар. Олардан да 10 есе көп. Бұл қандай батпан құйрық? Жоқ, қазақта спорт қатты дамып кетті ме? 180 спорт түрі деген ақылға сыймайды», - деді ол.

Қазыбек Иса футболдың жағдайына да тоқтады.

«Бір жылда бізде футбол клубтарына 133 млрд теңге бөлінген. Оның 111 млрд-ы облыстық бюджеттен бөлінген. Осынша қаржы бөлінген, қазақтың қазынасына қол салады, бірақ гол салмайды. Қаражат қайда кетіп жатыр? Оның барлығы легионерлерді байытуға жұмсалып жатыр. Премьер лигадағы 374 футболистердің 150-і легионер болды. Әлемдік чемпионатқа дайындалған кезде бокс, күрес,ауыр атлетиканың үшеуін қосқандағы қаражат футболға бөлінеді. Оның 80 пайызы легионерлерге жұмсалады. Осы 30 жылда салғанымыз жалғыз стадион екен. Өзбекстан футболға екі есе аз қаржы бөле отыра 10 стадион салған», - деді депутат.

Оның айтуынша, футболға кеткен қаржыны қысқарту керек.

«Ұлттық спортқа көңіл адудару керек. Былтыр күзде Астанада ұлттық спартакиада өтті. Соған келген шабандоздар қонатын үй таппай, аттарын күзетіп кетті», - деді Қазыбек Иса.