Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткішін алынды

Елордадағы ҚР Ұлттық музейі атриумындағы Нұрсұлтан Назарбаев мүсіні алынып тасталуы туралы түсіндірме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткішін алынды
Фото: kaztag.kz

Биыл шілде айында ҚР Ұлттық музейі өзінің алғашқы мерейтойы – 10 жылдығын атап өтеді. Жылдан-жылға қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, өнеріне деген қызығушылық артып, республиканың әрбір аймағынан, алыс-жақын шет елдерден келушілердің саны 2023 жылы 600 мыңға жуық адамға жеткен. 

музей

Фото: Ұлттық музейдің баспасөз қызметі

10 жылдық аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің тапсырмасымен 2024 жылы отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, музей кеңістігін жетілдіру процесі басталды. Әлемдік музей тәжірибесіне сәйкес, әр музей экспозициялық залдарының тұжырымдамалық мазмұны мен көркемдік-стилистикалық шешімін жаңартып отыруға міндетті. Ұлттық музей осы тәжірибені қолданып, атриум залын қайта экспозициялауды қолға алды. Оның негізгі міндеті – келушілер үшін ыңғайлы рекреациялық аймақ ретінде қызмет ету, - деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.

Қайта экспозициялау билет алудан бастап, экскурсияларға тапсырыс беру, отандық кәдесыйлар сатып алу, оқу залында ғылыми кітапхана қорымен танысуға дейінгі барлық қызмет түрін қамтиды. Атриумда экскурсия басталып, Ұлттық музей мен оның қорыдағы коллекциялар, экспозициялық залдары туралы ақпарат беріледі.

Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі болып саналады және атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақтауда болады. Музейдің дамуына қызығушылық танытып, оның іс-шаралары, акциялары мен көрмелеріне назар аударатын қазақстандықтардың, блогерлер мен журналистердің ұстанымы музей қызметкерлерін қуантады. Музей кеңістігінде болатын алдағы өзгерістер мен жаңартуларды және көрме залдарының көркемдік-стильдік шешімдерін қалың жұртшылық жоғары бағалайды деп сенеміз, - дейді Ұлттық музей өкілдері.