Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қарызға белшесінен батқан астаналық өз бүйрегін сатпақ болған

Қазақстандық азамат өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қарызға белшесінен батқан астаналық өз бүйрегін сатпақ болған
Фото: polisia.kz

Ер адам әлеуметтік желінің қолданушыларына өз мүшесін сататынын мәлімдеген. Ал алу операциясы туралы барлық келісімдерді сатып алушы ұйымдастыруы керек еді. Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шыққан.

Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды.

ҰҚҚКБ қызметкерлері Көкшетау қаласында күдіктіні ақша беру кезінде ұстады. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады. Қатысушының өзі мұндай шарасыздыққа құмар ойынға тәуелділіктен барғанын түсіндірген. Өйткені ол соның салдарынан қарызға белшеден батып кеткен.

Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.