Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматыда екі шетелдік таныстарының көлігін өртеп жіберді деген күдікпен ұсталды

Алматылық полицейлер тұрғынның көлігін өртеген күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда екі шетелдік таныстарының көлігін өртеп жіберді деген күдікпен ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 және 38 жастағы екі Әзірбайжан азаматын ұстады. Олар түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көліктің терезесін сындырып, ішіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

«Қылмыс ізін суытпай ашылды. Күдіктілер Алматыдан қашып кетпек болды. Күдіктілердің көлік иесімен таныс екені белгілі болды. Олардың айтуынша, әйел уәдесін орындамаған, сол себепті шетелдіктер одан кек алғысы келген. Өрт қоюдың шынайы себебін тергеу анықтайды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.