Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Астанада оқушы қызды бірнеше жасөспірім зорлаған: Балалар омбудсмені түсініктеме берді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысын 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлауына қатысты пікір білдірді.

Астанада оқушы қызды бірнеше жасөспірім зорлаған: Балалар омбудсмені түсініктеме берді
Фото: Halyq Uni

Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл дерек 2024 жылғы 17 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген.

«Күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы мектепте сегізінші сынып оқушысын бірнеше жасөспірімнің зорлағаны туралы ақпарат тарады.

Оқушы қызды 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлағаны айтылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады полиция.

Ал білім басқармасының баспасөз қызметі бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, ешқандай ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді.