Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Сирияда соғысқан қазақстандық елге жеткізілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда соғысқан қазақстандықты елге жеткізді.

Сирияда соғысқан қазақстандық елге жеткізілді
фото: ҰҚК

"27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жастағы қазақстандық Ыстанбұлдан Алматыға айдауылмен депортацияланды", - деп хабарлайды ҰҚК.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, қаруланған топтардың бірінің құрамына кірген.

ҰҚК күдіктіні ұстау және отанына беру операциясын түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жас жігіт сот санкциясымен қамауға алынды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.