Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Қатты жер сілкінісі қайта болады»: Жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты жалған ақпарат таратқан әйел табылды. Ол мессенджерлер арқылы жойқын зілзала болады деп, сағатына дейін айтып, елді одан сайын дүрліктірген, деп хабарлады Paryz.kz КТК телеарнасы.

«Қатты жер сілкінісі қайта болады»: Жалған ақпарат таратқан әйел анықталды
фото: Halyq Uni

Қатты жер сілкінісі қайта болады, қаладан шығып, қашыңыздар деп әлеуметтік желіде үндеу тастаған. Бұндай хабарламалар үрей, дүрбелең тудырды. Сондықтан барлық азаматқа айтатыным, жалған ақпарат таратпаңыздар, таратуға себепкер болмаңыздар. Содан соң әр ақпаратты жіті зерделеп, тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенулеріңізді сұраймын, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, 1995 жылы туған Ж. есімді азаматтың кінәсі дәлелденсе, ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе Қылмыстық кодексте қарастырылғандай, 3 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шындыққа жанаспайтын өзге де аудиожазбалардың авторларын анықтауға бағытталған іс-шаралар әлі жүргізіліп жатыр.