Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жетісуда әкімдік гектарлаған жерді кәсіпкерлерге заңсыз үлестірген

Жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтарды.

Жетісуда әкімдік гектарлаған жерді кәсіпкерлерге заңсыз үлестірген
Фото: Pexels

Ақсу ауданындағы жалпы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланылмаған аталған учаскелер «Күреңбел» ЖШС-не тиесілі.

Сонымен қатар Қаратал және Көксу өзендері карьерлерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды.

Жер қойнауын пайдаланушылар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заңмен тікелей тыйым салынған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот қаулысымен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жер қойнауын пайдаланушыларға рұқсаттың қолданылуының шарттық міндеттемесін одан әрі бұза отырып тоқтатылды.

Қазіргі уақытта су қорының жерлерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары қолға алынды.