Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Ақтөбе мектептерінде атыс болады»: Полиция ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Ақтөбе мектептерінде атыс болады»: Полиция ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады
Фото: Baq.kz

Ақтөбе облысы Полиция департаменті осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз, - делінген ресми парақшасында.