Белгілі ақын, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатыр, деп хабарлады Paryz.kz.
Бұл туралы эстрада әншісі Алтынай Жорабаева Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
Құрманай Бақтиярқызына дұға жасап қойыңыздаршы, қымбатты менің оқырмандарым! Құрманай қыздарыңыз ауыр халде жатыр. Алла шипасын берсін, Құрманайым, - деп жазды Жорабаева.