Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 400 млн теңге ұрланғаны анықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 400 млн теңге ұрланғаны анықталды
фото: ҚМА

Агенттіктен хабарлағандай, сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке «Келес ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлері ілінді, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген.

«Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады», - делінген ҚМА хабарламасында.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.